Павлодар облысы, Ертіс аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлдана Сарсенбенова атап өткендей, коронавирустың алдын алу шаралары енгізілгеннен бері көзі көрмейтін және көру қабілеті нашар азаматтармен жұмыс онлайн-форматқа көшті.
-Телефон арқылы зағип жандардың өзі таңдаған кітаптар дауыстап оқып беріледі, - дейді Гүлдана Сарсенбенова.
Тапсырыстар телефон арқылы келіп түседі. Тұрғындар көбінесе «Вестник ЗОЖ», «Наша жизнь», «Караван историй» журналдарын таңдайды. Қолданушылармен сұхбаттар жүргізіліп, оқылған кітаптар талқыға түседі.
Оған қоса, кітапхана қызметкерлері күшімен онлайн-форматта Иса Байзақовтың өмірбаянына әдеби саяхат кеші ұйымдастырылды.
Сонымен бірге кітапханада «Көзі бойынша мүгедектерге арналған Бірінші Халықаралық ЛОГОС онлайн-кітапханасын» пайдалануға болады. Ол мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың арнайы форматтағы аудиокітаптарға қашықтықтан қол жеткізуді көздейді.