Спорт • 10 Сәуір, 2020

Найджел Доус «Барысқа» оралғысы келеді

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Екатеринбургтің «Автомобилистінде» өнер көрсетіп жүрген қазақстандық хоккейші Найджел Доустың келісімшарты 30 сәуірді аяқталады. 

Найджел Доус «Барысқа» оралғысы келеді

Бейресми мәліметтерге сенсек, Доустың келісімшартты одан әрі ұзартуға аса құлқы жоқ көрінеді. Оның мақсаты – «Барысқа» қайта оралу. 35 жастағы Канаданың Виннипег қаласының тумасы 2011-2018 жылдар аралығында елордалық команда сапында ойнады. Сол кездері 415 рет мұз айдынына шығып, 376 ұпай жиды. Тарқатып айтсақ, 217 гол соғып, 159 рет нәтижелі пас берді. Кезінде ол команданың капитаны да болды. Алты рет Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) «Жұлдыздар матчында» ойнады.

Найджел Доус 2004 және 2005 жылдары Канаданың жастар құрамасы сапында әлем біріншілігінде қатысты. Айтулы жарыстың алғашқысында күміс алса, екіншісінде бас жүлдені олжалады. Ең үздік шабуылшы және сұрмерген атағын иеленді. 2016 жылы Қазақстанның азаматтығын алып, сол кезден бері біздің елдің ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетуде.