Қысқы спорт • 11 Сәуір, 2020

Шайбалы хоккей: Сен-Пьерге де жүлде бұйырды

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Матрен Сен-Пьер Ұлыбританияның EIHL Challenge Cup жүлдесін иеленді.

Шайбалы хоккей: Сен-Пьерге де жүлде бұйырды

36 жастағы Канаданың Онтарио провинциясының тумасы былтырғы маусымды Ұлыбританияның «Шеффилд Стилерс» клубында бастады. Бес ойында ол бір гол соғып, бір мәрте нәтижелі пас берді. Маусым аяқталмай жатып, Словкияға сапар шекті. Ол жақта да Сен-Пьер айшықты өнерімен көзге түсті.  Сол аралықта «Шеффилд Стилерс» жарыс жеңімпазы атанды. Ал айтулы команда сапында бірнеше кездесу өткізгіндіктен қазақстандық шабуылшыға да жоғарыда аталған жүлде бұйырды.   

2015-2018 жылдар аралығында Матрен Сен-Пьердің Нұр-Сұлтанның «Барысының» намысын қорғағанын жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ. Үш маусымда ол 85 (27 гол+58 пас) ұпай жиды. Сонымен қоса, канадалық хоккейші Қазақстан ұлттық құрама сапында да нәтижелі ойынымен көрермендерді қуантты.