Спорт • 11 Сәуір, 2020

Кәсіпқой боксшылардың рейтингі жарияланды

912 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокстан Р4Р рейтингі жарияланды. Барлық салмақ дәрежелері мен барлық нұсқа бойынша күш сынасып жүрген жуан жұдырықты қоса алғанда, солардың арасынан Василий Ломаченко ең үздік деп танылып отыр.

Кәсіпқой боксшылардың рейтингі жарияланды

Жеңіл салмақтағы 32 жастағы Украинаның мақтанышы 2013 жылдың күз айларынан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетуде. Сол аралықта 15 кездесу өткізіп, 14 рет жеңіске жетті. 10 қарсыласын нокаутқа жіберді.

Екінші орында – Теренс Кроуфорд. Оның да жасы 32-де. Жартылай орта салмақтағы АҚШ боксшысының осы спорт түрін серк еткеніне 12 жылдан асты. 36 кездесу өткізген ол барлығын жеңіспен аяқтап, 27 бәсекеде айқын басымдық танытты.

Үшінші сатыға ауыр салмақтағы Украинаның өкілі Александр Усик жайғасса, төртінші орынды Қазақстанның беткеұстары Геннадий Головкин иеленуде. Сондай-ақ, «ТОП-10» боксшының қатарында Сауль Алварес (Мексика), Наоя Иноуэ (Жапония), Мэнни Пакьяо (Филиппин), Эрол Спенс (АҚШ), Майки Гарсия (АҚШ) және Хуан Франсиско (Мексика) сынды саңлақтар бар.