Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

+Залалсыздындыру материалдары жеткілікті

Дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

Көкпекті ауданында қауіпті індеттің алдын алуға байланысты жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

к

Ауданға әкелінген алты тоннадай  гиппохлорит калция ерітіндісімен адамдар көп шоғырланатын жерлер мен саябақтар аумағы жүз пайыз залалсыздандырылды.

кө

«Сонымен қатар аудандағы барлық ауылдардағы дүкендер мен көше бойына дәл осылай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көкпекті ауданы пандемияға қарсы толық базамен қамтылды. Залалсыздындыру материалдары да жеткілікті» дейді Көкпекті аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Халықов.

Шығыс Қазақстан облысы,

Көкпекті ауданы