Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Атырау: Жанбайдың 4 тұрғыны 3 тәулікке қамалды

1027 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жанбай – Исатай ауданындағы ірі елді мекен. Төтенше жағдай енгізілгеніне қарамастан, осы ауылдың 4 тұрғыны түнгі мезгілде аудан орталығына барған.  Бұл олардың 3 тәулікке қамалып қалуына басты себеп болып отыр.

Атырау: Жанбайдың 4 тұрғыны 3 тәулікке қамалды

«Жанбай ауылының төрт тұрғыны төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген талаптарды орындамаған. Олар  2020 жылы 7 сәуірде түнгі сағат 22.30 шамасында Аққыстау ауылындағы Егемен Қазақстан көшесінің бойында топтасып жүрген. Кешкі сағат 21:00-ден кейін көлік құралымен себепсіз көшеде жүріп, төтенше жағдай режимін бұзған» -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Осыған байланысты  толтырылған әкімшілік хаттамамалар Исатай аудандық сотына жолданған. Сотта төтенше жағдай режимін бұзу фактісіне қатысты  4 әкімшілік іс қаралды. Құқық бұзушылар «TrueConf»  қосымшасы арқылы сот отырысына қатысып, өздерінің кінәларын мойындады.

Сот қаулыларымен құқық бұзушылар кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

 Жұмасат ҒАЗИЗ