Білім • 11 Сәуір, 2020

Атырау: Үш оқушы Назарбаев университетінің грантына ие болды

903 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары  Дулат Уәлиев, Айнұр Хамитова және Дамир Тәжиев Назарбаев  университетінің оқу грантын иеленді. Олар аталған оқу орнының  инженерия және цифрлық ғылымдар факультетін таңдапты.  Дарынды оқушылар бұл мүмкіндікке халықаралық академиялық бағалау емтиханының (SAT) қорытындысымен ие болған.  

Атырау: Үш оқушы Назарбаев университетінің  грантына ие болды

- Мен жоғары сыныптарда IELTS, SAT секілді халықаралық емтихандарға дайындалдым. Қосымша әдебиеттерді іздестіріп,  шетелдік білім ресурстарында сынақтар тапсырдым. Назарбаев университетіндегі грантқа ие болуымызға мектептегі ұстаздарымның үлесі зор. Өйткені, олар мектептегі пәндерді терең меңгеруге  көп еңбек сіңірді. Еліміздегі жетекші университеттің грантын ұтып алумыз – Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі 12 жылдық білім беру жүйесі мен мектептегі кәсіби бағдар жұмыстарының нәтижесі, - дейді Айнұр Хамитова.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ