Медицина • 12 Сәуір, 2020

Кей өңірде карантиндік нысандарда жүрген медқызметкерлердің жұмыстан кейін демалуына жағдай жасалмаған

309 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Кей өңірде карантиндік нысандарда жүрген медқызметкерлердің жұмыстан кейін демалуына жағдай жасалмаған

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 3 сәуірдегі хаттамасының (№9 хаттама) шешімі бойынша, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне инфекцияға қарсы күреске тартылған «карантиндік»  аймақта жүрген барлық қызметкерді тамақпен қамтып, тұрмыстық жағдай жасау және оларды тасымалдау туралы тапсырма берілген болатын, алайда 10 сәуірдегі жағдай бойынша бұл пәрменді барлық өңір орындамаған.

Мәселен, өңірлерден түскен деректерге сүйенсек, 8 аймақта (Ақмола, Алматы, Атырау, ШҚО, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан) инфекциялық стационарлардағы медицина қызметкерлері 100 пайыз медициналық мекемелер мен үйде қалады.  Мемкомиссияның шешімі 4 өңірде (Қарағанды облысы, Нұр-Сұлтан қ, Павлодар, Шымкент қ.) ішінара, ал 5 өңірде (Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, СҚО, Алматы қ.) толық орындалуда. 

Үш аймақта (Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары) провизорлық стационарлардағы медицина қызметкерлері 100 пайыз медұйымдар мен үйде қалады. Мемлекеттік комиссияның шешімі 12 өңірде (Ақтөбе, Ақмола, Алматы, ШҚО, БҚО, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Қарағанды облысы, Павлодар, Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ.) ішінара орындалуда, 2 өңір (СҚО, Алматы қ.) толығымен орындауда.

10 аймақта (Алматы, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қызылорда, СҚО, Шымкент қ., Нұр-Сұлтан қ.) карантиндік стационарлар бойынша медицина қызметкерлері 100 пайыз медұйымдар мен үйде қалады. Мемкомиссияның шешімін 1 өңір (Алматы қ.) толық орындауда.

ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 3 сәуірдегі хаттамасымен (№9 хаттама) мына сілтемеге өтіп таныса аласыз: