Медицина • 12 Сәуір, 2020

Дәрігерлерге үстемеақы төлеу үшін барлық аймақта комиссия құрылды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары денсаулық сақтау қызметкерлерін қаржылай қолдау мақсатында, коронавирусқа қарсы іс-шараларға тікелей қатысып жүрген денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне арналған үстемақының мөлшерін анықтайтын комиссия құрады. Бұл туралы ДСМ хабарлады.

Дәрігерлерге үстемеақы төлеу үшін барлық аймақта комиссия құрылды

Комиссия арнайы топтарға арналған үстемақының көлемін есептейді.

Ашық жұмыс істеу мақсатында комиссия құрамына аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Nur Otan» партиясының, кәсіподақтардың өкілдері кірді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімінің орынбасарлары комиссия төрағасы ретінде тағайындалды, ал облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік денсаулық сақтау органдарының лауазымды өкілдері комиссия төрағасының орынбасары болады.