Экономика • 12 Сәуір, 2020

Төтенше жағдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулер тоқтатылды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төтенше жағдай  режимі кезінде қауіпті өндірістік объектілерді қадағалау қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Төтенше жағдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулер тоқтатылды

Алайда бұл шешім өндірістік объектідегі оқыс оқиғаны, апат салдарынан болған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді, сондай-ақ лицензиардың сұратуы бойынша субъектіге (объектіге) барумен профилактикалық бақылау арқылы рұқсат (лицензия) бергенге дейін рұқсаттық бақылауды және ҚР Кәсіпкерлік Кодексінде көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулерге қатысты емес (төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін).

Айта кететін жайт, ағымдағы жылғы 23 наурызда өткен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында Мемлекет басшысы бақылаушы органдар тарапынан бизнеске қысым жасауға жол бермей, құқық бұзушылықтың алдын алуға баса назар аудара отырып, жұмыс әдістерін қайта қарауды тапсырған болатын. Осыған орай аумақтық департаменттерге жүктелген жұмыс толық көлемде орындалады, сондай-ақ, қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Мемлекеттік қадағалау жүйесі қауіпті өндірістік объектілердегі оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған. Осы бағытта биыл жыл басынан бергі кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындарда 369 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 6604 бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, 100 қауіпті өндірістік нысанның жұмысы тоқтатылды.