«Ешбір дәрігер темекі шегу немесе кез-келген жаман әдетті коронавирустан қорғайды деп айтпайды. Пандемия енді басталды. Оның денсаулыққа әсері жайлы толыққанды ақпарат қолымызда жоқ. Темекі шегуші кез-келген уақытта вирус жұқтырса, оның денсаулығы үшін темекі шекпейтін адамға қарағанда көбірек зиян шегеді» дейді Владимир Левшин.
Темекі коронавирустан қорғайды деген ақпарат нонсенс.
«Темекі шегу - коронавирустнан құтқармайды, керісінше темекі шегетін адамдарда коронавирустық инфекцияның барысын күшейтеді. Бес жылдан алты жылға дейін темекі шегетін кез-келген адам, кем дегенде, созылмалы бронхитпен ауырады. Ал созылмалы бронхит болған кезде пневмония қаупі бірнеше есе артады», деді Владимир Левшин.
Сонымен қатар, ресейлік онколог онкологиялық дерттен емделіп жүрген азаматтар арасында темекі шегушілер, тіпті нашақорлар бар екенін, бірақ бірінші кезекте, ауруының себебін білген бойда олар тәуелділіктен бас таруға тырысатынын, бірақ кей кезде оның тым кеш екенін айтып өтіпті.
Себебі темекі немесе есірткіге тәуелділік адамның бойындағы дерттің жасушаларын одан сайын жылдамдатып, қоздырып жібереді екен.
«Темекі өнімдерін пайдалану COVID-19-дан гөрі қатерлі ісік ауруына әкелуі мүмкін» деп сөзін қортындылады дәрігер.
АЛМАТЫ