Коронавирус • 12 Сәуір, 2020

Қарағандыда COVID-19 жұқтырудың екі оқиғасы тіркелді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы екі оқиғасы тіркелді. Олар осы дертпен бұрын ауырғандармен байланыста болған және карантинде жатқан адамдар.

Қарағандыда COVID-19 жұқтырудың екі оқиғасы тіркелді

Қазіргі уақытта науқастар бокстарға оқшауланып, емдеу курсынан өтуде.

Бүгінге дейін Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 65 оқиғасы зертханалық түрде расталды, оның ішінде бір өлім тіркелген және бір адам аталған дерттен сауықты.

Облыс бойынша үй карантиніндегі тұрғындардың саны – 1 643. Тәулік бойы бақылауға 725 адам алынған.

Қарағанды облысы