Коронавирус • 12 Сәуір, 2020

Қытайлық дәрігер пандемияның шарықтау шегі туралы атап өтті

1012 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қытайдың эпидемиолог-дәрігері Чжун Наньшан пандемияның шарықтау шегі туралы  айтып берді»  деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайлық дәрігер пандемияның шарықтау шегі туралы атап өтті

Оның пікірінше, егер COVID-19 бірқалыпты қарқынмен дамитын болса, онда оның беті екі аптада қайтады. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін бір мемлекеттің шектеу шараларын барынша күшейтуі аздық етеді. Бұл мәселе барлық елдерде бір мезгілде жүргізілуі керек. «Қазіргі қарқынмен екі аптадан кейін індеттің беті қайтады»  деді Чжун Наншан.

Қытайлық дәрігер, осы ретте Италиядағы жағдайды еске түсірді. «Италияның солтүстігіндегі ең қатты зардап шеккен аймақтарында бірде-бір инфекция тіркелмеген кішкене қалалар бар. Онда қатаң шаралар енгізілді, адамдар қашықтықты сақтайды, бетперде киеді. Себебі қазір болжау қиын. Бәрі тәртіпке байланысты» дейді Чжун Наншан.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі COVID-19 инфекцияларының шыңы сәуір айында болады деп мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай режимін 30 сәуірге дейін ұзартты. 

АЛМАТЫ