Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Борыш өтеу басталды

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскери міндеттілерге қарата айтылған шақыру Алматы облысының аумағында тұратын ер-азаматтар арасында қызу талқыға түсті.

Борыш өтеу басталды

Қазір Отан алдындағы бо­ры­ныш өтеуге ниет біл­ді­­ру­ші­лер саны көбейіп ке­леді. Ал жауапты іске бел буған ер­лердің қата­рын­да Қарасай ауда­нының азаматары алғаш­қы болып әскери жиынға қо­сыл­­ды. Аудан бойынша борыш атқаруға ынта біл­дір­ген екі жүзге жуық аза­маттың жет­піс сегізі дә­рі­­герлердің тек­се­р­уінен сү­рін­­бей өтіп, қыз­мет етуге қа­былданды. Ерік­тілер аудандық әскери қор­ғаныс істері жөніндегі бөлім­нің қарауына өтіп, Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде арнайы дайын­дық­тан өтуде. Олар енді ка­зар­малық жағдайда 10 күннен 3 айға дейін мерзімде тұ­рақ­тайды. Әскерилер бұдан әрі санитарлық бекет­тер­­дегі күзет­те кезек­ші­лік атқа­­рып, ін­дет ошағы мен қо­ғам­­дық ор­ын­дарды, ауыл-аумақтағы ме­­кеме, нысандарды зарарсыз­дан­дырып, дәрілеу жұмыс­та­ры­на тартылады.

Олардың алғашқы легі «Асыл Арман» тұрғын үй кеше­нін­дегі күзет пен тұр­­ғын­дарды қажетті заттармен қамтитын жедел топ­тардың құрамында жұ­­мысын бастап та кет­кен екен. Қарасай ауда­нын­да­ғы «Асыл Ар­ман» тұрғын үй кешені індет таралуына байланысты толықтай оқшауланып, карантинге жабылған болатын. Бұған дейін бұл аумақтан екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталған еді.

 

Алматы облысы