Қазақстан • 13 Сәуір, 2020

Екі миллионға жуық азаматқа әлеуметтік төлемдер тағайындалды - министр

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Екі миллионға жуық азаматқа әлеуметтік төлемдер тағайындалды - министр

«Бүгінгі күнде елімізде 3 миллион 703 мың адам өтініш берді. Өтініш саны - 4 миллион 900 мың. Оның ішінде бүгінге 1 миллион 779 мың адамға әлеуметтік төлемдер тағайындалды және есепшоттарына 75 миллиард 600 миллион теңге аударылды» деді ол.

Сондай-ақ министр көп қойылып жатқан сұрақтарға жауап берді.

«Мен ала аламын ба деген сұрақтар жиі қойылуда. Бұл жерде тәртіп мынандай: жұмыс істеп жүрген, ресми немесе бейресми және де төтенше жағдайдың салдарынан сол табыстарынан айырылып қалған азаматтарға тағайындалады. Сондықтан әуелі өздеріңіз үшін соны нақтылап алыңыздар. Мен компанияда, мекемеде істедім, жеке кәсіпкерлікпен айналыстым, бейресми, салық төлемей өзім тіршілік істедім, бірақ қазір табысымнан айырылып қалдым. Себебі төтенше жағдайға байланысты жұмыс орнымнан айырылдым деген өтініштер көп. Сіздер осы күнге дейін ақша тауып жүрдіңіздер, бірақ сол ақшанызды жоғалтсаңыз, сіздің құқығыңыз бар» деді министр.