Коронавирус • 13 Сәуір, 2020

Қазақстанда 211 медицина қызметкері вирус жұқтырған

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова хабарлады.

Қазақстанда 211 медицина қызметкері вирус жұқтырған

Медицина қызметкерлернің COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайы республиканың 13 өңірінде тіркелген.  Жалпы республика бойынша 20,5%-ды құрады. 

COVID-19 емдеу және ауру жұқтыруы мүмкін науқастарға күтім жасайтын бейінді стационарларда 74 медицина қызметкері, оның ішінде карантиндік орталықта – 20 (Нұр-Сұлтан қаласында), провизорлық стационарда – 10, жұқпалы аурулар ауруханаларында – 44 медицина қызметкері вирус жұқтырған.