Елорда • 13 Сәуір, 2020

Елорда тұрғындары коронавирусқа жедел-тесттен тегін өте алады

193 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазіргідей төтенше жағдай кезеңінде еліміз ерекше жұмыс режиміне көшті. Коронавирус инфекциясымен күресу үшін қаржылық қолдауды қажет ететін кешенді шаралар енгізіліп жатыр. Өздеріңізге белгілі, қаржыландыру Үкімет резервінен жүргізілуде.

Елорда тұрғындары коронавирусқа жедел-тесттен тегін өте алады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өзінде бар резервтік қаражатын эпидемияға қарсы іс-шараларға бағыттауға дайын. Үкімет жариялағанқаулы («Халықты мемлекеттік медициналық қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы», 2020 жылғы 07 сәуірдегі №182 Қаулысы) бізге оларды қолдануға мүмкіндік берді. Осылайша, Қор өз тарапынан шамамен 3,5 миллиард теңге бөледі. Олқаражатқа «СК-Фармация» компаниясыкоронавирусты анықтайтын жедел тесттерді сатыпалады.

«Енгізілген шектеу шараларына қарамастан, азаматтар қажетті медициналық көмек ала алады. Шұғыл жағдайларда тегін медициналық кепілдендірілген көмек аясында қызмет көрсетіледі. Карантинді, қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынғанын ескере отырып, пациент учаскелік дәрігер қабылдауына қашықтан өтінім бере алады. Қандай да бір көрсеткіш байқаса, учаскелік дәрігер тиісті мамандар кеңесін тағайындайды. Ал сала маман-дәрігерлерінің кеңесін онлайн түрде алуға болады. Сондай-ақ, елорда тұрғындары коронавирусқа жедел-тесттен тегін өте алады.», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.

Коронавирусқа жедел-тестті қалай өтеді?

Тесттен өту үшін пациент алдымен http://cdl.kz/сайтында сауалнама толтыруы қажет;
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары тұрғындарды эпидемиялогиялық көрсеткіштеріне қарай іріктейді;
одан әрі бекітілген тізімдер ОЛИМП КДЗ-на түседі;
бекітілген тізімдегі пациентпен Байланыс орталығының операторы хабарласып, тест алатын жердің мекен-жайы, уақыты, талдау-тест тапсыратын кезде қойылатын талаптар мен ережелер туралы ақпараттандырады;
оператор айтқан ем-шара кабинетіне кешікпей, өзімен бірге жеке куәлігін алып, бетпердемен (маска) келу керек;
кезекте тұрған пациенттер 1,5-2 метр арақашықтықты ұстануы керек;
ем-шара кабинетінде тіркеуден өтіп, содан кейін коронавирусқа жедел-тест тапсыруы керек;
талдау-тест нәтижесі сауалнаманы тіркеу кезінде көрсетілген почтаға келеді.

Маңызды! Пациенттердің дене қызуы өлшенеді (байланыссыз), жоғары көрсеткіштер болса, талдау-тест жүргізілмейді.

Маңызды! Оператор хабарласпай тұрып, ем-шара кабинетіне өздігінен келуге болмайды.

Маңызды! Экспресс-тест арнайы бөлінген ем-шара кабинеттерінде жүргізіледі, ол жерде басқа талдаулар алынбайды.

Бұл шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр.

Сондай-ақ, өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғау үшін, мына ережелерді естен шығармаңыз:

қолды үнемі жуып жүріңіз;
қолыңызды үнемі спирті бар арнайы антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз;
аса қажет болмаса, ҮЙДЕН ШЫҚПАҢЫЗ!