Экономика • 14 Сәуір, 2020

Салық түсімдерінің көлемі 49,1 млрд теңгеге азайды - Әлихан Смайылов

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус эпидемиясының таралуы импортқа салынатын қосымша құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізіп отыр. Бұл туралы  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.

Салық түсімдерінің көлемі 49,1 млрд теңгеге азайды - Әлихан Смайылов

 «Мемлекеттік бюджет кірістері есебінің жоспары  89,9%-ға, оның ішінде республикалық кірістер 78,8 %-ға, жергілікті бюджеттер 121,4 %-ға орындалды.  Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджет кірістерінің өсу қарқыны 101,2 %-ды, жергілікті бюджет 103,1%-ды құрады», деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, коронавирус эпидемиясының таралуы импортқа салынатын қосымша құн салығының көлеміне теріс әсерін тигізуде.

«Үшінші елдерден әкелінетін импорт көлемінің қысқаруына байланысты 11,4 мың салық төлеушілерден салық түсімдерінің көлемі 49,1 млрд теңгеге азайды. Бұдан басқа есепті кезеңде Қытайдан келетін автокөлік құралдарының саны 29%-ға азайды.  Сыртқы нарықта негізгі экспорттық позициялар бойынша бағалардың төмендеуі байқалады. Атап айтар болсақ, шикі мұнайдың  22 %-ға, мырыштың 21 %-ға, мыстың 9%-ға,  алюминий 10 %-ға, қорғасынның 10 %-ға төмендеуі корпоративтік табыс салығының азаюына әсерін тигізді», деді ол.