Экономика • 14 Сәуір, 2020

Өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды - Әлихан Смайылов

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2020 жылғы бірінші тоқсандағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы баяндады. 

Өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды - Әлихан Смайылов

«Қалыптасқан экономикалық жағдайға қарамастан, бизнес алдындағы өз міндеттемелерімізді уақтылы орындадық. Есепті кезеңде оларға 193 млрд теңге көлемінде қосылған құн салығы қайтарылды. Бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 84 млрд теңгеге көп», деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, кірістер бойынша жылдық жоспар 6,4 трлн теңге сомасында бекітілді.

«Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 134 млрд теңгеге артығымен орындалып, 759 млрд теңгені құрады. Асыра орындалу негізінен салықтар есебінен қалыптасты. Ол 127 млрд теңге. Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды. Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,7%-ға, республикалық 99,5%-ға, жергілікті бюджеттер 97,7%-ға атқарылды. Республикалық бюджет шығыстары 2,9 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 109,8% құрады», деді Ә. Смайылов.