Елорда • 14 Сәуір, 2020

Карантин кезінде қылмыс саны 34 пайызға төмендеді

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді.

Карантин кезінде қылмыс саны 34 пайызға төмендеді

«Полиция мен әскерлер бірлесіп, тәулік бойы патрульдеуде, азаматтармен алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Планшеттерге жаяу жүргіншілер мен көліктердің үй-жұмыс қозғалыс бағдарлары енгізілуде. Жалпы алғанда карантин кезінде қылмыс саны 34 пайызға, аса ауыр қылмыс 43 пайызға төмендеді. Оның ішінде ұрлық, бұзақылық қылмыстар саны азайды. Жол-көлік оқиғасы саны 76 пайызға, зардап шеккендер 72 пайызға төмендеді. Жол қозғалыс ережесін бұзғандар 67 пайызға азайды» деді Ержан Сәденов.

Ержан Сәденовтің айтуынша, кейбір азаматтар айтылған ескертулерге құлақ аспай карантин режімін бұзуда.

«Түрлі құқық бұзушылық үшін полиция бөлімдеріне 2 838 адам жеткізілді. Оның ішінде 1 770 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қамауға алынғандар - 166, айыппұл салынғандар - 1 126, ескерту алғандар - 408 адам, ал сот қарауында 70 материал бар. Әкімдіктің коммуналдық тұрағына 588 автокөлік қойылды. 36 жүргізуші мас күйінде ұсталып, жүргізуші құқығынан айырылды. 67 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, 135 адам әкімшілік қамауға алынды» деді ол.