Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Атырау: Шекарадағы ауданға 20 тонна көкөніс жеткізілді

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Махамбет ауданындағы «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Розметов Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданына  20 тонна  көкөніс жіберді. Оның 15 тоннасы картоп, ал, 5 тоннасын пияз құрайды. Бұл өнімдер 19 ауылдық округтегі 49 елді-мекен тұрғындарына тегін беріледі.

Атырау: Шекарадағы ауданға 20 тонна көкөніс жеткізілді

– Құрманғазы –облыс орталығынан шалған жатқан, Ресейдің Астрахан облысымен  шекаралас аудан. Осы кезге дейін бұл ауданның тұрғындары күнделікті азық-түлігін көрші елден сатып алатынын білемін. Қазір сол мүмкіндіктің аясы тарылды. Сондықтан, төтенше жағдайға байланысты көршілес ауданға көкөніспен көмектесуге бел байладым.  Өйткені, қазіргі кезде қосымша табыс табудан гөрі халықтың азық-түліктен  тарықпағаны маңызды ғой, -дейді шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Розметов.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ