Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Жетісу өңірінде карантин жарияланды

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

15 сәуірден бастап Алматы облысының аумағына карантин енгізу туралы тиісті қаулы қабылданды. Қаулыға сәйкес енді облыс аумағына өзге елдерден оралған Алматы облысының тұрғындарынан басқа, сол сияқты тауар тасушы адамдар мен көліктерден, соның ішінде транзиттік көліктерден бөлек, өзге өңірдің тұрғындары мен жеке көліктерге де кіруге тыйым салынады.

Жетісу өңірінде карантин жарияланды

Ал Жетісу өңірінен басқа облыс­тарға белгілі себептермен барған облыс тұрғындары тұрғылықты мекендеріне 15 сәуір күнгі сағат 00.00-ге дейін кері оралуы тиіс. Сондай-ақ карантин енгізілуіне байланысты аудан, қалаларға кіру-шығуға шектеу қойылып, елді мекендердің ішіндегі қозғалысқа да тыйым салынады.

Ережеге сәйкес, тұрғындарға меди­циналық ұйымдарға, жақын жердегі дүкендер мен дәріханаға күніне бір рет қана шығуға мұрсат бері­леді. Ал тұрғындарға қажетті қызмет көр­сететін коммуналдық мекемелер мен басқа ұйым жұмысшы­ла­рының қозғалысына жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Бұған дейін облыс аумағындағы екі ауданда жекелеген нысандар оқшауланып, карантин енгізілген еді. Олардың қатарында Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешені мен Еңбекшіқазақ ауданындағы 4 саяжай массиві бар.

Сондай-ақ Біріккен Араб Әмір­ліктерінен оралған 135 қазақстандық Талдықорған әуежайы арқылы елге кіріп, санитарлық талапқа сай оқ­шауланған болатын. Тиісті уақыт аралығында дәрігерлік бақылауда болып, қажетті қан сынамасын тап­сыр­ған жолаушылардан жұқпалы індет белгісі анықталған жоқ. Қазір Талдықорған мен Текелі қаласында оқшауланған 135 отандасымыз тұр­ғылықты өңірлеріне жіберілді.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды оңалтуға жұмылып жатқан дәрігерлер мен бар­лық санаттағы медицина қызмет­керлеріне қауіптілік деңгейіне сәйкес үстемеақы белгіленді. Атап айт­қанда, республикалық бюджет­тен бөлінген қаражаттан аймақ­тағы денсаулық сақтау ұйымда­рының 1448 қызметкеріне, оның ішін­де 205 дәрігерге, 882 орта меди­ци­налық қызметкерге, 361 кіші меди­ци­на­лық қызметкерге қосымша еңбек­ақы төленді.

Жетісуда жұқпалы індеттің алдын алу мен күресу жұмысы күн тәрті­бінде тұр. Атап айтқанда, аймақтағы ме­дицина қызметкерлеріне үстеме­ақы төлеу жүргізілуде. Осы мақсат­та жергілікті бюджеттен 1 023 медици­на қызметкерлеріне, оның ішінде 178 дәрігерге, 528 орта медици­на­лық қызметкерге, 317 кіші меди­ци­налық қызметкерге сыйақы беру үшін қосымша қаржы бөлінді.

 

Алматы облысы