Қазақстан • 15 Сәуір, 2020

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

«Қазгидромет»  мәліметіне сүйенсек, еліміздің оңтүстік-батыс өңірлерінде қатты жаңбыр жауады. Ал солтүстікте жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан, Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді.