Қазақстан • 15 Сәуір, 2020

«Самұрық-Қазына» ІІМ қызметкерлеріне 1 млн медициналық маска тікті

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаментіның баспасөз қызметі хабарлады. 

«Самұрық-Қазына» ІІМ қызметкерлеріне 1 млн медициналық маска тікті

ІІМ қылмыстық-түзету жүйесі мекемелерінің өндірістік нысандарында 1 млн медициналық маскалар тегелді. Қорғану құралдары қызметкерлердің пайданауына берілді және ІІМ жеке құрамының қажеттілігін жапты.

Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» Қоры коронавирус инфекциясының таралуының алдын-алу үшін 450 млн теңге жұмсады. Қаржы денсаулық сақтау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бөлінді. Әр ведомство 150 млн теңгеден алды.

Елде төтенше жағдай хабарланғаннан кейін ІІМ Министрлігінің тапсырмасы бойынша сотталғандар қорғану маскаларын тігуге кірісті.