Прокуратура, әкімдік және мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінен құрылған шұғыл топтар барлық сауда нысандарын күнделікті аралауда. Мақсат – дүкендер мен супермаркеттердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын сақатауын қадағалау.
Осылайша, кезекті тексеу кезінде екі супермаркетте 03.04.2020 жылғы №23 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы» бірлескен бұйрығының ережелері бұзылып, бағаның қымбаттауы анықталды.
Атап айтқанда, шекті бағасы 197 теңгеден аспауы тиіс 1-ші сортты ұнның килограмы 230 теңгеден сатылған. Ал шекті бағасы 307 теңгелік күріш – 1 кг үшін 371 теңгеден, шекті бағасы 481 теңгелік күнбағыс майы – 505 теңгеден сатылған.
Алматы ауданы әкімдігімен ұсынылған деректер негізінде 14 сәуір күні сауда субъектілеріне қатысты ҚР ӘҚБК 202 бабының 1 бөліміне сәйкес, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерінің артуы» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. 100 АЕК немесе 277 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.