Науқаспен жақын байланыста болған 11 адам (9 адам жұмыс барысында) үй карантиніне алынды. Ал коронавирусқа шалдыққан адам стационарда жатыр. Қауіп-қатердің жоқтығына байланысты кәсіпорын жұмысы жалғастыруда. Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Көлік дезинфекцияланды. Қызметкерлер қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.
«Абу-Даби Плаза» қызметкері жарты айдан астам уақыт жұмыста болмағандықтан әріптестерімен қарым-қатынаста болмаған. Жақын қатынаста болған 2 адам анықталды (ұйым қызметкерлері емес). Қазіргі таңда біреуі стационарда, екіншісі үй карантинінде. Науқас қызметкердің әріптестерімен қатынаста болмаса да, жұмыс уақытша тоқтатылды. Аумақта дезинфекция жүргізілді.