Спорт • 15 Сәуір, 2020

Әмір Хан «Қазақстанға келемін» дейді

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғаламтор арқылы Қазақстан халқына «Коронавируспен бірге күрестейік. Сол үшін де барлығымыз карантин сақтайық. Біз – біргеміз!» деп үндеу жолдаған Ұлыбританияның әйгілі кәсіпқой боксшысы Әмір Ханның біздің елге де келу ойы бар екен.

Әмір Хан «Қазақстанға келемін» дейді

Бұл жайында қазақстандық танымал промоутер Әлихан Жарылғапов Vesti.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. «Әмір Хан – менің досым. Айтулы боксшының бастамасымен құрылған қоры осындай қиын-қыстау кезеңде Пәкстан мен Англияның мыңдаған адамдарына көмектесіп жатыр. Карантин аяқталып, індет сейәлгеннен кейін мен оны «Қазақстанға кел» деп қонаққа шақырдым. Ол ұсынысымды қабыл алды», - дейді Әлихан.

 

Тегі пәкстандық болғанымен, Англияның Болтон қаласында туып-өскен 33 жастағы жігіт қазақстандық жанкүйерлерге де жақсы таныс. 2004 жылы Афины Олимпиадасының жартылай финалында Әмір Хан біздің  Серік Елеуовтен басым түсті. Финалда даңқты кубалық боксшы Марио Кинделанға есе жіберген Ұлыбритания өкілі сол жарысты күміс медальмен қорытындылады.  

 

2005 жылдан бері Әмір Хан кәсіпқой рингте күш сынасып жүр. Сол аралықта  

39 кездесу өткізіп, 34 рет жеңіске жетті. 21 қарсыласын нокаутқа жіберді.