«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
15 наурыздағы №285 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның а.ж. 15 сәуірдегі хаттамасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша карантин аймағының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб (бұдан әрі – Штаб), төтенше жағдайды жою басшысы былай деп ШЕШТІ:
- Карантин және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы № 06 шешімінің 1, 4-тармақтарында көзделген ұйымдардың қызметін тоқтата тұру және адамдардың, жеке және қоғамдық көліктің жүріп-тұруы бойынша бұрын қабылданған шешімнің қолданылу мерзімі ұзартылсын.
- 2020 жылғы 20 сәуірдегі сағат 00:00-ден бастап қызметтің келесі түрлеріне жұмыс кестесін сағат 09:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін белгілеп, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай және қызметкерлердің орталықтандырылған тасып таратылуын ұйымдастыра отырып, Штабтың 2020 жылғы 28 наурыздағы № 06 шешіміне қосымшада көзделген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің тізбесімен толықтырылсын:
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- құрылыс компаниялары (жобалау-іздеу жұмыстары, құрылыс саласындағы сараптама, стандарттау және сертификаттау, авторлық және техникалық қадағалаулар, құрылыс материалдарын өндіру және тасымалдау, оның ішінде жолдарды салу және жөндеу);
- күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жалпы алаңы кемінде 2000 м2 болатын ірі құрылыс дүкендері;
- көлік, қаттау саласындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
- автосалондар, автобөлшектер дүкендері және техникалық қызмет көрсету станциялары (қыздырып өңдеу, автожуу);
- химиялық тазарту, кір жуу қызметтері;
- ұйымдастыру техникасын жөндеу.