Қазақстан • 16 Сәуір, 2020

Дағдарыс – көптеген басымдықтарды қайта қарастыру үшін импульс

210 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жуырда ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары COVID-19 індетіне байланысты бірлескен мәлімдеме жасады. Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей президенттері мен Армения Премьер-Министрі ортақ қауіп — коронавирус пандемиясына бірлесіп қарсы тұру үшін күш-жігерлерін біріктіруге әзірлігін білдірді. Мұндай үйлесімділіктің қаншалықты маңызды екені туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары, саяси ғылымдар докторы Санат Көшкімбаев айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Дағдарыс – көптеген басымдықтарды қайта қарастыру үшін импульс

Сарапшы қазіргі жағдайларда түрлі елдердің, әсіресе, түрлі халықаралық бірлестіктер мен ұйымдардың мүшелерінің іс-әрекеттерінің үйлесімділігін атап өтті.

Оның айтуынша, қазіргі санитарлық медициналық дағдарыс жағдайларында ең үздік әрі оңтайлы жауап пен әрекет түрлі елдердің тығыз, ұйымдасқан ынтымақтастығы, осы сын-қатерге, осы қауіпке қарсы күрес бойынша үйлесімділігі болуы тиіс. 

Әрине, медицина саласында қазір түрлі елдер бір-біріне қолдау көрсетіп жатыр. Мысалы, Ресей Қазақстанға қолдау көрсетті. Қазақстан өз кезегінде барлық көрішлері мен серіктестеріне көмек көрсетуге әзір екенін білдірді. 

Келесі маңызды аспект — экономикалық кооперация.

«Қазір оқшауландыру шаралары қабылдануда. Соның салдары ретінде, сауда өндірістік жеткізулердің тізбегі үзіліп жатыр. Қалай болғанда да әлемге дағдарыстан кейін қарау керек. Яғни, қазір дағдарыс өршіп тұрған кезеңде бұл байланыстарды сақтап, сауданың қысқаруының теріс салдарын тоқтатуға тырысу маңызды. ЕАЭО мүшелері қабылдап жатқан шаралар, атап айтқанда, бірлескен мәлімдемесі қазір елдердің, жалпы бірлестіктің алдында тұрған барлық проблемаларды түйсініп, түсінетінін білдіреді», — деді Санат Көшкімбаев.

Сарапшы бұл дағдарыстың әлем экономикасы мен халықаралық аренадағы түрлі сауда экономикалық бірлестіктерге қандай зардабын тигізетінін айтты.

«Қазір біз дағдарыстың жеткізулер тізбегінің байланысына тым теріс ықпалын тигізгенін көріп отырмыз. Шикізаттық тауарлардың бағасы да айтарлықтай түсіп, зардабын тигізді. Тиісінше қаржы дағдарысы орын алуда. Дағдарыс елдердің жетістігін жояды. Тек ірі экономикалар ғана мұнымен күресе алады, Қытай, Жапония, АҚШ, Германия сияқты елдер», — дед ол.

Дағдарыс салдарын азайту мақсатында елдер арасындағы осы үйлесімділік қажет. Сонымен қоса, жергіліктендіруді, импорт алмастыруды дамыту, өңірлендіру процестерін жандандыру аса маңызды.

«Біз қазір жаһандық ауқымда жаһандану тұжырымдамасын қайта бағалау жүріп жатқанын көріп отырмыз. ЕАЭО негізінде субъектілердің бірлестік ретінде де, осы бірлестікке кіретін мүшелердің де экономикалық жетілгендігін күшейту үшін құрылды. Бұл бірлестік үшін қажетті негіз. Қазір елдер көлік шығындарын қысқарту мүмкіндіктерін іздейтін болады. Яғни, жаһандық жеткізу тізбегіне алмастыруды не жақын көршілерден, не сауда бірлестіктерінен іздейтін болады. Елдер жақын көршілерімен бірлесіп дағдарыс салдарын азайту үшін ресурстарды іздейді, Орталық Азия немесе ЕАЭО болса да. ЕАЭО басшыларының бірлескен осы мәлімдемесінің өзегі осы үйлесуде жатыр», — деді С. Көшкімбаев.

Сарапшы Қазақстанға келесі салаларға — агроөнеркәсіптік секторға, қайта өңдеуге, материалдық өндіріске, АТ-салаға назар аудару қажет болады деп санайды.

«Болашаққа көз жүгірте отырып, экономика құрылымы өзгеруі тиіс деп айтуға болады, ал бәсекеге қабілетті болмаған кәсіпорындар жабылуы керек немесе түрленгені жөн. Бүгінде жеткізілімдердің жаһандық тізбегі әдеттегі режим бойынша жұмыс істемей жатқан кезде, біз осындай дағдарыстың түрлі елдерге қалай әсер етіп жатқанын көріп отырмыз. Мәселен, көптеген елдерде қызметтер секторы шамадан тыс көп болды. Дағдарыс, әлбетте, бұл саланы айтарлықтай қысқартады. Өндіріс секторы – бұл кез келген елдің әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің негізі. Азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей байланысты өнеркәсіптік кешен. Дағдарыс кезінде адамдар кез-келген жағдайда тамақтанатыны сөзсіз және жеке азық-түлік өндірісі қажет болады. Қазақстан мен ЕАЭО-ның басқа да елдері осы секторға баса назар аударуы қажет. Бұл кез келген дағдарыс жағдайында экономикалық қауіпсіздікке үлкен зиян келтіруге мүмкіндік бермейді», — деді С. Көшкімбаев.

Сонымен қатар сарапшы цифрландырудың жаңа серпінге ие болғанын атап өтті. Қазақстан цифрлық күн тәртібіне әрдайым зор көңіл бөлген. Көзіміздің алдында кәсіптердің құрылымы өзгеріп жатыр. Жаңа кәсіптер пайда болды, ұйымдардың бір бөлігі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Қашықтан медицина, қашықтан білім беру, өнеркәсіптік өндіріс саласындағы мониторинг, ТКШ және т. б. пайда болуда.

«Дағдарыс – бұл көптеген басымдықтарды қайта қарастыру үшін импульс. ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларының іскерлік, үрей нотасынсыз мәлімдемесі дағдарыстың сын-тегеуріндер мен қатерлер ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер мен жаңа бағыттар екені мәселесін қарастырады. Кез келген дағдарыс тәрізді, одан шығу жолдары бар. Басымдықтарды барабар, дұрыс әрі уақытылы қоя білу аса маңызды. Қазақстанда мұны ұғынады, Президент дағдарыстан шығу жолдарының сұлбасын жасап берді», — деді Санат Көшкімбаев.