«Жалпы алғанда, Birgemiz қоры арқылы Қазақстанның үш қаласы – Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалалары үшін 5 млн. маска сатып алынды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына екі миллион маскадан бөлінген. Елорданың 40 мың отбасын қамту жоспарлануда. Әрбір отбасына 50 маскадан таратылады», - деді Е.Бейсенбаев.
Бұл бағыттағы жұмыстар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы қолдауымен, еріктілер ұйымымен бірлесіп жүргізіледі. Барлық еріктілер арнайы қорғаныс костюмдерін киеді.
«Бүгін біз екі мың отбасына 100 мыңға жуық маска таратуды жоспарлап отырмыз. Одан әрі жұмыс карантин біткенше жалғасады», - деп атап өтті Е.Бейсенбаев.
Естеріңізге сала кетейік, «Біз біргеміз!» акциясы аясында 5 мыңнан астам отбасы азық-түлік себетімен және гигиена құралдарымен қамтылған болатын.