Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда 9 үй карантинге жабылды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенованың шешіміме сәйкес Абылайхан - Рысқұлбеков - Мүсірепов - Мұстафин көшелерінде шектеу шаралары енгізілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтанда 9 үй карантинге жабылды

Периметрде қоршау белгілері орнатылды, полиция кезекшілік атқарып жатыр. Аумақта орналасқан 9 үй карантинге жабылды: Мүсірепова 4, 7, 7/1 к-рі, Рысқұлбекова 4/1, 4/3, 16/1, 8а, Мұстафина 21, 21/5 к-рі. Бұл үйлердің тұрғындарына жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне шығуға ғана болады. Қалған жағдайларда үйден шығуға қатаң тыйым салынады.  Дәрі-дәрмектерді тек тапсырыспен алуға болады. Аумақта кең көлемді дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Абылайхан - Рысқұлбеков - Мүсірепов - Мұстафин көшелерінде орналасқан үйлерде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар тұрғандықтан бұл аумақ карантинге жабылды.

16 сәуірдегі деректерге сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  22 нысан карантинге жабылды. Олар: 4 денсаулық сақтау нысаны, 2 жатақхана, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Ұлы-Дала 17/1 көшесі, 38 к-сі д.10, Е-10 көшесі д.2, Бастөбе 33 көшесі, Сығанақ көшесі, 18/1, А.Чехов көшесі 40, Мүсірепов көшесі 7, Рысқұлбеков 8а, Брусиловского көшесі 18, 187 д.20, Иманова көшесі 41, Абылайхан - Рысқұлбеков - Мүсірепов - Мұстафин көшелерінде орналасқан үйлер. Нұр-Сұлтанда №1 автопарк, екі жатақхана, 10 кіреберіс, үш денсаулық сақтау нысаны қойылған карантин алынды.