Қоғам • 16 Сәуір, 2020

Пәтер мен кеңсені жалға берушілер тарифтерін төмендетеді

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандағы Риэлторлар қауымдастығының президенті Лариса Степаненко  бүгін өткен вебинар жиында олар  бұл қадамға клиенттерінен айрылып қалмау үшін барып отырғанын айтты.

Пәтер мен кеңсені жалға берушілер тарифтерін төмендетеді

Оның айтуынша, қазіргі уақытта коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығындағы мәмілелер   карантинге байланысты тоқтап, риэлторлар қашықтан жұмыс істеуге көшті.

Ол   карантин аяқталған соң да жалға беру нарығында үлкен өзгерістер болатынын айтты. Бір айлық карантин кезінде ішкі нарық үшін бұрын мүлдем бейтаныс болып келген мүмкіндіктерді ашты. Төтенше жағдайдан шыққаннан кейін көптеген компаниялар кеңсе кеңістігін қайта қарап, кейбір қызметкерлерін онлайн режиміне ауыстырады немесе штат санын қысқартады. Сол сияқты осындай жағдай пәтерді жалға беру нарығында да қалыптасуы мүмкін.  «Сондықтан, менің болжамым бойынша жалдау бағасы аздап төмендейді. Себебі осыған дейін екі тарап та үкіметтің бұл мәселеге араласуын сұраған. Жалға алушылар карантин кезінде аренда ақшасын тоқтатуды талап етсе, жалға берушілер үкімет субсидия берсе ғана бұл талапқа келісетінін айтқан. Себебі бұдан өзге жол жоқ. Алдағы уақытта адамдар да, компаниялар да барынша үнемдеу жағдайында жұмыс істейді» деді Степаненко.  

Сонымен қатар қауымдастық басшысы  риэлторлар нарығындағы туралы да айтып өтті. Қазір нарықта өлі тыныштық орнаған. Үйді жалға алу туралы ұсыныс тоқтап тұр. Есесіне жалға берушілер еселеп көбейіп кетіпті.

«Қазір біз онлайн режимінде жұмыс клиенттер базасын сақтап, жылжымайтын мүлікті сатып алуға, сатуға немесе жалға беруге дайын адамдарды анықтауға қатысты келіссөздер жүргізді жүргізуге дайындап жатырмыз. Біздің мамандарымыз да дайындықтан өтуде. Алайда қаржылық қиындықтар өте жоғары. Бұл өте ауыр соққы. Менің ойымша, нарық шамамен 10-15% қысқарады», дейді Степаненко.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз  Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары тұрғын үй нарығында тыныштық орнағанын, жалға алушылар аренда бағасын төмендетіп, Үкіметтен көмек сұрағанын жазғанбыз.