Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Ақтөбеде қылмыс саны 47% азайды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында ТЖ режимін енгізу кезеңінде өткен жылмен салыстырғанда қылмыс пен құқық бұзушылық саны 47,7% – ға төмендеді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ақтөбеде қылмыс саны 47% азайды

Ақтөбе облысында Құқық қорғау органдарының жедел-алдын алу іс-шараларының арқасында қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалады. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар саны 25% азайды, орташа ауырлықтағы қылмыстар саны 2,7 есеге, ауыр емес қылмыстар 2,3 есеге азайды. Тонау 3,3 есеге, бұзақылық – 30%, бөтен мүлікті ұрлау – 2,6 есеге, пәтер ұрлығы-2,4 есеге және мал ұрлығы 13 есеге азайды.

Жалпы қоғамдық орындарда қылмыс 44% төмендеді, жасөспірімдердің қылмысы 31,6% төмендеді. Осының барлығы ТЖ жағдайында уәкілетті органдар қабылдаған алдын алу шараларының нәтижелілігін куәландырады. Ақтөбе облысының Полиция департаменті 16 наурыздан бастап қызмет атқарудың ерекше тәртібіне көшті. Облыста құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық орындарда және көшелерде патрульдеу күшейтілді. Полицияның кешенді күштері жасақтарының тығыздығы артты. Карантиндік, жұқпалы объектілерді қорғау үшін патрульдік нарядтар қойылды.