Қазақстан • 17 Сәуір, 2020

Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-20 сәуірге арналған болжам туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

«Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтары Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады. Осыған орай, найзағай, екпінді жел және жаңбыр күтіледі. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы солтүстікте +20...+28 жылыға дейін, ал оңтүстікте +25...+33 жылыға дейін көтеріледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі» деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.