Бұрын қауіпті індеттің белгісі бар адамдарды қарауға жедел жәрдемнің 3 бригадасы шыққан. Енді 5 бригада шақыртуға барады. Ал, дәрігерлер саны 40-қа дейін артқан.
– Дәрігерлердің бәрі бір және бірнеше рет пайдалануға болатын костюмдермен қамтамасыз етілді. Олар індет жұқтырған науқастарды оқшаулау бойынша арнайы курстан өткен, - дейді облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.
Оның айтуынша, күн сайын жедел жәрдем станциясына 800-ге жуық қоңырау түседі. Ал науқастардың шақыртуына 25 бригада жіберіледі.
Жолдасбек Көшербайұлы