Қазақстан • 17 Сәуір, 2020

Сәуір айында сәбіз, пияз, орамжапырақ экоспортына 500 сертификат бөлінді

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәбіз, пияз, орамжапырақ экспортына арналған фитосанитарлық сертификаттар штатты режимде берілуде. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сәуір айында сәбіз, пияз, орамжапырақ экоспортына 500 сертификат бөлінді

Министрліктің мәліметіне сәйкес, фермерлер мен экспорттаушыларға 5 мың тонна пияз экспортына 220 сертификат, 240 тонна сәбіз экспортына 14 сертификат, 7,2 тонна орамжапырақ экспортына 310 фитосанитарлық сертификат берілді.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өсімдіктердің мемлекеттік карантиндік инспекторлары күшейтілген жұмыс режиміне өтті. Тексеру процедуралары заңнамада белгіленген тәртіппен жүруде, фитосанитариялық жағдайды қарағаннан кейін барлық өтініш иелеріне сертификаттар беріледі. Фитосанитариялық сертификаттарды беру 5 жұмыс күнін, карантиндік сертификаттарды беру - 3 жұмыс күнін алады.

Пияз, орамжапырақ, сәбіз және көкөністер мен жемістердің басқа түрлерін (азық-түлік картоптарын қоспағанда) экспорттағысы келетіндер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және аудандық аумақтық бөлімшелерінен фитосанитариялық сертификаттар ала алады.