«Барлық мектептерде қашықтан оқытудың екінші оқу аптасы аяқталды. Бұл жұмыстың қалыпты жағдайда жүргізіліп отырғанын көріп отырмыз. Бұған дейін айтқанымыздай қашықтан оқытудың бірнеше форматын ұсынған болатынбыз. Осы аптадағы деректерге сүйенсек, 2,4 млн оқушылар мен мұғалімдер интернет платформаларды қолданған. Электрондық журналдар жүйесінде де оның ішінде ең үлкен жүйе «Күнделік» жүйесінде оқушылар мен мұғалімдердің белсенді түрде істеген жұмыстарын көріп отырмыз», деді Шолпан Каринова.
Бұдан соң ол «Балапан» және «Ел арна» телеарналарындағы онлайн сабақтардың өту барысын атап өтті.
«800 мыңнан астам оқушылар «Балапан» және «Ел арна» телеарналарындағы онлайн сабақтар жүйесімен оқыды. Мұғалімдердің кері байланыстары да қолда бар қолжетімді құралдар арқылы жеткізіліп отыр. Олар электронды журналдар жүйесі мен түрлі мессенджерлер арқылы жүзеге асып жатыр», деді ол.