Ал мыс бұйымдар мұндай вирустарды бірнеше минуттың ішінде жойып жібереді. Естеріңізде болса бұрынғы апаларымыз мыс бұйымнан білезік, жүзік тағып, денсаулығын күтетін. Сол сияқты мұсылманшылықтың әдебі бұзылмаған елдерде, барлық дәрет құралдары мыстан жасалынатын болған. Оған қазіргі таңда музейлерде тұрған мыс құмандар мен легендер дәлел болмақ.
Мыстың химиялық қасиетін ұзақ уақыт зерттеумен айналысқан Саутхемптон универстетінің профессоры Билл Кээвил «мыс вирусты дереу жоятындықтан оның мутациялануына жол бермейді, өйткені мыстың сыртындағы ионды қабаты жойғыш қабілетке ие. Сондықтан емханалардағы барлық тұтыну құралын мыстан жасаған дұрыс» дейді.
Бұндай ойды 1983 жылы Питтсбург қаласында орналасқан Хамот зерттеу орталығында тәжірибе жасаған дәрігер Филлис Ж.Күн атты маманда айтқан болатын.
АҚШ қазір таза суды мыс ыдыспен таситын тәртіпке көшті. Мыстың осындай қасиеті коронавирусты да жою қабілетіне ие екен. Бұл ақпарат бір-екі күн бұрын ZGM.mn сайтында жарияланды.