Экономика • 17 Сәуір, 2020

Банктер кейінге қалдырылған несиелер бойынша сыйақы алуға құқылы

1163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі карантин кезеңінде кейінге қалдырылған қарыздарға банктер берген несиелер бойынша сыйақы есептеу туралы кеңінен талқыланған мәселе бойынша өз ұстанымын тағы да түсіндіріп берді.

Банктер кейінге қалдырылған несиелер бойынша сыйақы алуға құқылы

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда көптеген кәсіпкерлер төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша сыйақы төлемеуін сұраған.

Екінші деңгейлі банктер өздерінің веб-сайттарында орналастырылған кейінге қалдырылған несиелер шарттары туралы ақпаратты талдау негізінде, барлық банктер бұл қадамды қабылдаған жоқ. Кейінге қалдыру несие кешіру дегенді білдірмейді. Азаматтық кодекске сәйкес кез-келген несие ақылы, жедел және қайтарымды негізде берілетінін түсіну керек.

Сондықтан, қарыз алушы карантин уақыты аяқталған соң несиесін кешіктірсе немесе толемесе сыйақы мөлшерлемесі  өседі.

«Осыған байланысты несие ұйымдары жеке тұлғаларға және ШОБ субъектілеріне кейінге қалдырылған несиелер бойынша сыйақы алуға құқылы»,  деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев бүгін журналистермен өткен вебинар жиында.

Департамент басшысының айтуынша, аталған шарттардың үйлесімі несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің айтарлықтай өсуін болдырмайды және қарыз алушыға өтеудің ыңғайлы кестесін таңдау құқығын береді.

Бұған дейін біз 1,3 миллион қазақстандық азаматтың  банктік қарызды кейінге қалдырғанын жазғанбыз.

Шағын және орта бизнестің тоғыз мыңнан астам өкілі несие бойынша барлық төлемдерді уақытша тоқтата тұру құқығын алды.