Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев өмірден өтті

2326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев өмірден өтті. 

Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев өмірден өтті

Суыт хабарды әріптестері жеткізді.

Түркістан қаласының тумасы Ә.Өсербаевтың «инженер-технолог» мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Түркістан бөлшектер мен конструкциялар комбинатында, Түркістан рудасыз материалдар комбинатында бас инженер болып жұмыс істеген. 2007 жылдың ақпанынан бастап, екі жыл бойы Түркістан қалалық құрылыс бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2009 жылдың ақпанынан Кентау қаласы әкімінің орынбасары, 2009 жылдары Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2014-2018 жылдар аралығында Түркістан қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен. 2018 жылдың маусым айынан бастап Түркістан қаласының әкімі лауазымын атқарған. 2019 жылы Түркістан облысы Ордабасы ауданына әкім болып тағайындалған.