Бұлардың екеуі де бұрын ауырғандармен байланыста болған деген күдікпен карантиндік стационарға жатқызылған екен.
Бүгінгі күнде Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 89 оқиғасы тіркелген. Бес науқас жазылып шығып, бір адам қайтыс болды.
Облыс бойынша тәулік бойы бақылауда 781 адам бар. Үй карантинінде 2 340 адам отыр.