Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Батыс Қазақстанда аналар 200-ге жуық онлайн өтініш берді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында 185 әйел жүктілік және босануына байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақыны онлайн рәсімдеген. Төтенше жағдайға байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын уақытша тоқтатқалы бері елімізде осындай 30 мың жәрдемақы онлайн жүзеге асыпты.

Батыс Қазақстанда аналар 200-ге жуық онлайн өтініш берді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұрын тек халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіп келген қызметтерді, оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасаған.

«Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер»сервисін таңдап,жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс. Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде баланың туылуына және оның күтімінебайланысты жәрдемақыларды рәсімдеу мүмкіндігі бар» дейді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының PR-менеджері Мағзура Нұрмұханбетова.

Айта кетейік, порталды пайдалану үшін электронды цифрлы қолтаңба болуы шарт. Оны да порталда қашықтан рәсімдеуге болады.

Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады. Ол арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.