Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Ақсу қаласында 49 шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының жұмысы тоқтаған

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Балғабай  Ыбыраевтың  мәлімдеуінше, еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған тұрғындар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстарға шақырылады.

Ақсу қаласында 49 шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының жұмысы тоқтаған

Оларға 85 мың теңге  жалақымен қатар дәл осы көлемдегі көтерме ақы беріледі.

Яғни, бағдарламасы барысында қалада 2 тұрғын үй, дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып,  спорт кешені, бассейн, тир, мектептер, жол жөнделмекші.

Қазір 12 мың  қала тұрғыны әлеуметтік төлем алуға өтініш берсе, оның 5898- алып үлгерді.

Сонымен қатар, 3853 адамға 5567 теңгелік көмек, 264 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілген.

«Қамқорлық», «Біз біргеміз» шаралары барысында 7 мың адамға 50 миллион теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Қалада төтенше жағдайға байланысты 49 шағын және орта кәсіпкерлік нысанының жұмысы тоқтаған.

Жұмысы  тоқтаған нысан иелеріне 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Ал, өңірде індет жұқтырудың алғашқы жағдайы Ақсу қаласында тіркелген.  

-Қазір 77 адам дәрігерлер бақылауында. Провизорлық бөлімде 30 орын дайын. Жалғыз тұратын, денсаулығы нашар адамдарға еріктілер тобы қажеттінің барлығын жеткізуде, - деді қала әкімі.  

Павлодар облысы