Экономика • 18 Сәуір, 2020

Әлемдік экономика енді алтынға арқа сүйейді

1926 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Ендігі жерде кімнің алтыны көп болса, сол елдің  сөзі үстем болары анық; себебі сарапшылар 2020 жылдан бастап алтынның 1 унциясы 2000 АҚШ долларға дейін көтерілетінін айтып отыр.   Сарапшылар жекелеген елдердің валюталарының тұрақтылығына да алтын бағасы әсер етуі мүмкін екенін айтып жатыр.

Әлемдік экономика енді алтынға арқа сүйейді

Апта басынан бері әлем елдерінің валюталары енді мұнайдың емес, алтынның қанатына жайғасуға асыға бастағанын жазып жатыр.

Алтын ықылым кезеңдерден бері негізгі валюта қызметін атқарып келе жатқаны рас. Бүгінде әлемдік қаржы жүйесінде алтын өз құнын жоғалтпай сақтап тұрған тұрақты антикризистік резерв. Сонымен қатар, алтын резерві ұлттық валюта қорын  реттейтінін білеміз. Және бір білетініміз алтын қоры көп болған сайын мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін сақтап қалу мүмкіндігі жоғарылайтыныОсыған дейін Дүниежүзілік алтын кеңесі (WGC) есептегендей, ақпан айында әлемнің орталық банктері валюта резервтерін толықтыру үшін 36 тонна алтын сатып алғанын жазғанбыз.

Алтын қоры жағынан 8133,5 тонна байлығымен АҚШ- көш басында тұр.  Америкалық алтынның жартысына жуығы Кентуккидегі Форт-Ноксқаласындағы бұрынғы әскери базаның қоймасында. Қорлардың бір бөлігі Нью-Йорктегі Вест-Пойнтсарайы қоймасында, Колорадо штатындағы Денвер сарайы және Нью-Йорктің Федералдық резервтік банкінің (ФРБ) қоймасында, Манхэттеннің Либерти 33 көшесінде орналасқан. Германияның алтын қоры 3367,9 тонна. Валюта резервтерінің үлесі 70% құрайды. Бұрын Германияның алтын қорының көпбөлігі Нью-Йорктегі (АҚШ), Лондондағы(Ұлыбритания) және Париждегі (Франция) банктерде болған. Бірақ 2018  жылдан бастап, қоғамдық пікірдің қысымымен Германия өзініңалтынын шетелдік қоймалардан қайтара бастады. Үштікті тұйықтап тұрған Италия: алтын қоры - 2451,8 тонна. Валюта резервтерінің үлесі 65,4% құрайды. Итальяндық алтын негізінен құймаларда сақталған. Ал ондыққа кірген өзге мемлекеттер туралы мәліметтер өзгеріп тұрады.

Алтын Чикагодағы CME биржасында сауда-саттық барысында рекордтық қымбаттады, Шарықтау шегінде баға бір унцияға $ 1775-ке жетті.  Келісімшарт құны 1771,3 долларды құрады, бұл2012 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш..

Алтын бағасының өсуіне әлем елдері экономикасының төмендеуі туралы мәлімдемелер әсер етіп жатыр.  Дәстүр бойынша алтын тұрақтыжәне қауіпсіз активтердің бірі болып саналды.  

Newmont (SPB: NEM) Corp. алтын өндіруші компанияың басшысы Том Палмер кеше кеше алтынның унциясы 2000 долларға дейін көтерілетінін және алдағы жоғары деңгейде сақталуы мүмкін екенін айтты.

Том Палмер бұл болжамы арқылы алтынның бағасын бірден 500 АҚШ долларына қымбаттатып жіберді. «Алтын экономиканы қолдайды және бұлалдағы бес жылда аяқталады деп күтпеймін» дедіПалмер Bloomberg-ке берген сұхбатында.

Бұған дейін, наурыз айының алғашқы онкүндігінде Mitsubishi Bank сарапшылары да «ақылды ақша» сақтандыру жастықшасы ретінде алтынды таңдайтынын айтқан. Ірі инвестициялық банктердің сарапшылары алтынның 2020 -2025 жылдарға арналған оптимистік болжамдарын растады. Бірақ олар ТОм Палмер айтқандай 2000 АҚШ доллары емес, 1500 АҚШ долларымен шектеген.

Әлемдік экономиканың әлсіреуі, мұнайдың арзандауы алтынның бәсін арттырып жіберді.  Инвесторлар өз капиталының бір бөлігін алтынға ауыстырды. Бұл үрдіс әлемдік экономиканың қалыпқа келу мерзімінің ұзақтығына байланысты жүреді. Бірақ сарапшылар қалыпқа келу мерзімін 5 жылға ұзартып отыр. Оған дейін  алтынға деген сұраныс артады.  

Американдық Morgan Stanley банкі 2020 жылалтын үшін тым жайлы болатынын айтады. Себебі алтынның бағасы алдыңғы 2018 жылға қарағанда ағымдағы 2019 жыл үшін көбірек табыс әкеліпті.

Mitsubishi Bank сарапшыларының пікірінше, әлемдік валюта үшін 2020 жылы да, 2021 жылы да сақтандыру жастықшасы болып қала береді. Оған дейін экономикалық тұрақтылықты сақтауға жанама болса да ықпал ететін тетік жоқ.

Себебі кейбір мемлекеттердің орталық банктері халықаралық резервтерін әртараптандыру және АҚШ долларына тәуелділікті азайту үшін  алтын сатып алуды жалғастырып келе жатыр. Бұл әлемдік экономикадағы белгісіздік жағдайында қорғаныс құралы ретінде қымбат металдарға деген сұранысты көрсетеді.

Швейцарияның UBS банкінің сарапшылары келесіжылы алтынның бағасы бір унция үшін 2000  долларға дейін көтеріледі деп санайды. Алдағы үш айда қымбат металдардың құны бір унция үшін1700-1800 долларға дейін өсуі керек. Маманның пікірінше, алтын деген сұраныстың артуынан және оны бір орталыққа жинаудан қорқудың қажеті жоқ.  Бұл инвесторларға қаржылық қорын капиталдандыруға мүмкіндік беріп, акция бағасына салмақ беруге ықпал етеді.

Bloomberg сарапшысы Том Торнтон алтынның бағасы бір унция үшін 1800-2000 долларлық белгіден көтеріліп кетуі қалыпты жағдай екенін айтады. Осыдан бірнеше жыл бұрын алтын бағасының бір унциясы Нью-Йорктің   фьючерстер нарығында 4000 долларға дейін көтерілді. Бірақ қымбат мұнай бағасы алтынның инвестициялық мүмкіндігінің жолын жауып, оған деген қызығушылықты төмендетіп тастапты.    

Сарапшы Том Торнтонның пікірінше, қазіргі уақытта алтын нарығында ұзақ мерзімді инвесторлар мен алып сатарлар үшін қолайлы жағдай бар.

Сарапшылар қазір алтын бағасының артуына үшфактор әсер ететінін айтады.  

Біріншісі орталық банктердің пайыздық мөлшерлемелерінің өзгеруі, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері мен АҚШ долларының бағамы. Мұнай алтын үшін бәсекелестік қабілетінен айрылып қалды.  Демек, ендігі тартыс алтынның төңірегінде басталуы әбден мүмкін. Содан болар, жекелеген тұлғалар, инвесторлар өздерінің қаржыларын бұған дейін қозғалмайтын мүлік, құнды қағаздарға салып келсе, енді олардың орнын алтынға айырбастай бастады.

Соңғы 15 айда Қытай елінің алтын қоры 70 пайызға өскен.  
Нақты деректерге үңілсек, қазіргі таңда алтын қоры жөнінен АҚШ көш басында. Одан кейінгі орында Германия келеді. Үшінші сатыда Халықаралық валюта қоры тұр. Екі жарым мың тоннаға жақын алтын қоры бар Италия мен Франция мемлекеттері үздік бестікке енеді. Ал, Қазақстан алтын қоры бойынша әлем елдерінің алғашқы ондығына, алтын өндірісі бойынша үшінші ондығына кіреді. Елімізде 200-ге тақау алтын кен орны бар. Шамамен 48 миллиард долларлық алтын қорымыз(кен орындарындағы зерттелген алтын), 1 159 687,4 келі алтын бар екен. Осыған дейін ресмистатистика  Қазақстанның алтын қорының картасын жасап шыққанын жария еткен-ді. Еліміздегі ең үлкен алтын қоры Шығыс Қазақстан облысы аумағында екен. Қор көлемі - 537,5 мыңкелі. Бұл - 22 миллиард доллар. Екінші орында Ақмола облысындағы алтын қоры - 259,9 мың келі, 11 миллиард долларға тең. Ал, Қарағанды облысында 5 миллиард доллар болатын 114,8 мыңкелі алтын қоры бар.  

Еске сала кетсек, қазір Қазақстан өз территориясында өндірілген алтынды өзі өңдеп, өзелімізде қалдыруға мүдделі болып отыр. Мұның бірнеше себебі бар. Алтын өтімді актив. Тіпті сырттан алған қарызды осы алтынмен жабуға болады. Жалпы экспорт-импорт көбейген сайын, алтын-валюта қоры да өсіп, арадағы ара салмақты теңестіріп шарт. Алтын халықаралық резервтік активтер деп аталады. Тағы бір еске сала кететін жайт, алтын резервімен алтын қорды шатастыруға болмайды. Елімізде екеуі де бар. Алтын қоры ол Қаржы министрлігіне қарайды. Ал алтын резерві Ұлттық банкке, онда да Лондонда сақталады.