Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

М.Әйтенов қаладағы жол құрылысымен танысты

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы жол құрылысы жұмыстарымен танысты.

М.Әйтенов қаладағы жол құрылысымен танысты

«Қала аумағындағы жол мәселесі алдағы бірнеше жылда кезең-кезеңімен шешімін табады. Шымкенттің құрамына енген 41 елді мекеннің де инфрақұрылымы қайта қаралады. Миллионды қаладағы жол жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл - қомақты қаражат. Оны уақытында әрі мақсатты игеруіміз қажет», - деді қала әкімі.

Мердігер компаниялар мен техникалық қадағалаушы ұйымдардың өкілдерімен жүздескен қала басшысы жолдың сапасын құрылыс біткен соң емес кемшіліктерді алдын ала анықтап, жою керектігін ескертті.

«Бұған дейін жол салынып болған соң барып сапасы тексерілетін. Қазір құрылыс жүріп жатқан кезде бақылауға мүмкіндік бар. Ол үшін арнайы жылжымалы зертханалар жұмыс істеуде. Заманауи құрылғы олқылықты дер кезінде анықтап береді», - дейді «Жол активтер сапасы орталығы» филиалының директоры Мұхтар Дүйсенбеков.

Қала әкімі аталған орталыққа жол құрылысының сапасын қатау бақылауға алуды тапсырды.