Экономика • 18 Сәуір, 2020

Солтүстік Америка мұнай өнеркәсібін жабады

3216 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

АҚШ-тың энергетикалық компаниялары мұнай ұңғымаларын жауып, өндіріс көлемін қысқартады. 

Солтүстік Америка мұнай өнеркәсібін жабады

Президент Трамп осы аптаның соңында АҚШ-тың негізгі өндірушілерімен келісе отырып мұнай өндірісін қысқартатынын айтты. Алайда Президенттің араласуынсыз-ақ ауыр экономикалық жағдайға байланысты американдық мұнайшылар компанияларын өз еріктерімен жабуға мәжбүр болып отыр. Мұнайға деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты «Texland Petroleum» компаниясы 1211 мұнай ұңғымасын жауып, мамыр айына дейін өндірісті тоқтата тұратын болды.

Дональд Трамптың Сауд Арабиясы мен Ресей арасындағы келісіміне қарамастан, Американың негізгі мұнай маркасы  West Texas Intermediate бағасының 1 баррелі 1,5% - ға, яғни, 22,41 долларға дейін төмендеді. Жалпы бір жыл ішінде АҚШ-та мұнай бағасы 63% -ға төмендеп, мұнай баррелі 10 доллардан төмен болды.

Сондай-ақ наурыз айының ортасынан бастап «Exxon Mobil», «Royal Dutch Shell», «Devon Energy», «Cenovus Energy» сияқты мұнай өндіруші компаниялар шығындардың жалпы сомасы 50 млрд долларға жуық қысқарғанын жариялады.

«Baker Hughes» мұнай-газ сервистік компаниясының деректері бойынша, АҚШ-та жұмыс істеп тұрған бұрғылау қондырғыларының саны өткен айда 800-ден 600 бірлікке дейін азайды. Канадада осындай көктемгі жылыну уақытында үнемі бұрғылау қондырғыларының саны қысқара түседі.  Қазір мұндағы мұнай кен орындарында 35 бұрғылау қондырғысы жұмыс істейді. Бұл «Baker Hughes» сарапшыларының дерегінше осы күнге дейінгі қолданыстағы қондырғылардың ең аз саны болып отыр. Дүйсенбіде аталған компания қайта құрылымдау жоспарын бекіту туралы мәлімдеді. Онда бірінші тоқсанда өнім пайдасын 1,5 млрд долларға дейін қысқартатыны айтылған. Компания сондай-ақ іскерлік белсенділіктің төмендеуінен өнім пайдасының 15 млрд долларға қысқарғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ канадалық өндірушілер 325 мың баррельге жуық тәуліктік өндіруді қысқартты. «Rystad Energy» консалтингтік фирмасына сәйкес, ол шамамен 1 млн баррельге немесе шамамен 25% -ға дейін төмендеуі мүмкін.

Энергетикалық ақпарат басқармасының мәліметіне сәйкес, наурыз айындағы көрсеткіштер бойынша АҚШ-та мұнай өндірісі шамамен 5% -ға қысқарды. Сарапшылар мұнай өнімдерін тұтыну күніне 20 млн баррельге дейін төмендейді деп болжауда. Бұл әлемдік сұраныстың шамамен 20%-ын құрайды. Ресми деректер бойынша, АҚШ-та күн сайын мұнай өнімдерін тұтыну 19% - ға төмендеді. Бұл соңғы 30 жыл ішіндегі ең аз тарихи көрсеткіш болып отыр.

Соңғы уақытта дүниенің төрт құбыласына бірдей салқынын тигізіп тұрған коронавирус пандемиясы бүкіл әлем елдеріне көп қиындықтар келтіріп отырғандығы сезіледі. Соның ішінде әлемнің ең ірі экономикасы саналатын АҚШ-тың мұнай компанияларының мүмкіндіктері шектелуде. Бүгінде мұнай өңдеу қоймаларының іші құбырларларға толуда. Мұндай қарқынмен таяудағы 60 күнде әлем сақтау қоймаларының жетіспеушілігіне тап болуы мүмкін.

Райан Дезембер,

Випал Монга