Індет жұқтырған науқас Тараз қаласынан анықталып отыр. 1991 жылы туған азамат жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен провизорлық орталыққа жеткізілген. Коронавирусқа алынған қан талдаулары оң нәтиже көрсеткен. Науқас қазірде жұқпалы аурулар стационарына орналастырылған. Онымен байланыста болған адамдарды және олардың науқас жұқтыру қаупін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Ал, тиісті ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінде Жамбыл облысында коронавирусқа қатысты барлығы 61 жағдай тіркелсе, облыс орталығы Тараз қаласында 11-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, инфекциялық стационарда 51 адам емделуде.
Жамбыл облысы