Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Бизнес-жобалардың жолы болуда

259 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Еліміз үшін сындарлы кезеңдерде мемлекетімізде қабылданған батыл шаралар аз уақыт ішінде орнықты отандық кәсіпкерлер буынын қалып­тастыруға мүмкіндік берді.

Бизнес-жобалардың жолы болуда

Қоғамда, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа өзгертулер жүргізуге бағытталған әрі экономиканың сапалы құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөнін­дегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары Қазақстанда кәсіпкер­лікті дамытудың кезекті дәуірі. Осының нәтижесін­де, қазақстандық бизнес қоғамдық құрылымды алға жыл­жытушы қуат күшіне ие болып келеді. Бүгінгі тәжірибе халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарса, биз­нестің бола­шағы да көркейетінін дәлелдеп отыр. Бұл қоз­ғалыс­тың астарында әлеуметтік жауапкершілік пайымы жат­қаны да анық. Бұл түсінік ақмолалық бизнес өкілдерін халыққа жақындата түскені ғанибет. Осындай игі істерді Есіл ауданынан да көптеп көруге болады.

Аталған бағыттың басты тірегі – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізіндегі меморандумдарды қабылдау. Былтыр ауданда 96 миллион теңгеден астам қаржыны қамтитын 67 келісім жасалған. Сөйтіп, қол қойылған міндеттеме толық көлемінде орындалды. Осы ретте, «Заречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 66 миллион теңгенің, «Компания Орион Плюс» ЖШС 13 миллион, «Агрофирма Қаракөл» ЖШС 4 миллион теңгеден астам қаржы бөлгенін атап көрсеткіміз келеді. Бұған қоса, «Ново-Приречное» ЖШС, «Қымбат» шаруа қожалығы және «Агро-Олдиви» ЖШС көп балалы отбасылардың тұрғын үйлерін жөндеуге қомақты қаржы аударды. Жалпы, меморандум жобалары негізінен мектептерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру мен санитарлық тазалығын сақтау, мерекелік және мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастыру, су және жылу жүйелерін, жолдарды жөндеу, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған тұрғындарға қайырымдылық көмек көрсету шараларына бағытталған.

Сондай-ақ атқарушы органдар, жұмыс берушілер және кәсіподақ ұйымдары арасында, бүгінгі уақыт тала­бындағы өзекті мәселелер бойынша, өзара ынтымақ­тас­тық келісімшарттары бұлжытпай орындалуда. Мәселен, жергілікті өндірістік жүйені тұрақтандыру, азаматтардың еңбек қатынастары құқықтары мен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін меморандумға 3178 адамды қамтитын 135 еңбек ұжымы қол қойып отыр.

Тағы бір маңызды қадам ретінде, «Заречный» ЖШС экономиканың дәстүрлі салаларында жаңа техно­логиялардың енгізілуіне орай, адамдардың жұмыстан босап қалуын болдырмау мақсатында, 2018-2025 жылдарға арналған жол картасын қабылдағанын айтуымыз керек. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бұл үшін ірі қара мал санын арттыру, басқа да түлік санын көбейту, озық технологияға негізделген астық пен жарма өңдеуді молайту ісін жалғастыруда. Өндірісті қуаттандыруға бағытталған мұндай шаралар жұмыссыздық мәселесін тежейтіні анық.

 

Ақмола облысы,

Есіл ауданы