Сурет архивтен
Сондай-ақ 1941 жылдың маусым-шілде айларында облыстағы 355 әйел адамдар медбике курсын бітіріп, 1400 адам санитарлық қорғанысқа дайындау үйірмелерінде оқыды.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған уақыттан бастап, Кеңес өкіметі Краснодардағы «Октябрь» механика зауытын, Тула тері фабрикасы, Полтава былғары зауыты көшіріліп, Павлодарда әскери киімдер, құрал-жабдықтар шығарылды.
Кейін бұл әскери зауыттар бейбіт өмірдің өндірістеріне айналды. Бертінге дейін жұмыс жасап келді.
Сонымен бірге, соғыс жылдары облыс орталығында №2924, №2448, ал, № 3604 Шарбақты стансасында орналасты.
1941 жылғы 9 қарашада алғашқы санитарлық пойызбен жаралы жауынгерлер эшелоны келген.
Ал, № 2448 эко госпитальға соғысқа дейін болған Сүт техникумы, педучилище, №8 орта мектеп орналасқан қаланың ең таңдаулы ғимараттары беріледі.
Эвакогоспиталь 1941 жылдың қараша айынан бастап 1943 жылдың сәуір айына дейін жұмыс жасаған.
Қайтыс болған жауынгерлер Пахомов моласында бауырластар бейітіне жерленді.
ПАВЛОДАР