«Сарыарқа автопром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінгі күнге аса қажетті дезинфекция жасайтын автокөліктерді жабдықтауда. Осындай техниканың бірнешеуі Көкшетау қаласына жеткізілді. Техниканың қалай жұмыс істейтіндігін, яғни, сипаттамасымен танысу барысына облыс әкімі Ермек Маржықпаев та қатысты.
Осындай құрылғымен жабдықталған 10 автокөлікке тапсырыс берілген екен. Серіктестік аз ғана уақыттың ішінде Chevrolet Damas, Labo көліктерінің негізінде дизенфекциялық машиналар жасап шығарып отыр. Қазірдің өзінде осындай автокөліктер еліміздің әр қиырына жөнелтілуде. Сөз арасында мұндай көліктерге 500 литр дезинфекциялық сұйықтық сиятын бөшке орнатылғандығын айта кетейік. Бір өткенде минутына 40 литр сұйықтық шаша алатын бұл көлік төрт метр жерді қамтиды.
Көпкөрім көмек емес пе?!
Көкшетау қаласы